Воскресенье, 19 апреля, 2026
18.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

САУРАН АУДАНЫНДА 13 МЫҢНАН АСТАМ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Сауран ауданында Шорнақ ауылдық округіне қарасты Шорнақ, Аша, Қосмезгіл елді мекендеріне табиғи газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған маңызды инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылу барысын аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы барып танысты.
Жоба аясында жалпы ұзындығы 60 шақырымға жуық газ құбырын салу көзделген. Қазіргі таңда оның 21 шақырымы тартылып, құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Жоба толық іске қосылған жағдайда 13 265 тұрғын табиғи газбен қамтылатын болады. Бұл өз кезегінде халықтың тұрмыс сапасын арттырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін бермек.
Нысан басында мердігер мекеме өкілдерімен кездескен аудан әкімі құрылыс сапасы мен мерзіміне айрықша мән беріп, жұмысты уақытылы әрі талапқа сай аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертіп, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар