Ордабасы ауданында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда 35 мың түп гүл көшеттерін отырғызу жұмыстары қолға алынып, аудан көшелері мен қоғамдық орындар түрлі-түсті гүлдермен көмкерілуде. Егілетін гүлдердің қатарында әсем шырайгүл, шафран, барқытшөп, сәлбен гүлдері бар. Бұл гүлдер тек эстетикалық көрік беріп қана қоймай, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға, ауаның тазалығын арттыруға да оң ықпал етеді.
Абаттандыру жұмыстары аясында көшелер, саябақтар, демалыс аймақтары мен әлеуметтік нысандар аумағы қамтылуда. Гүлмен көмкерілген көрікті көшелер ауданның ажарын айшықтап, тұрғындардың көңіл күйіне жағымды әсер сыйлап тұр.



