Воскресенье, 19 апреля, 2026
18.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ТҰЛҒАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан қаласында «Ұлы тұлғалар өнегесі – ұрпаққа рухани жол» атты қалалық танымдық-шығармашылық байқауы жоғары деңгейде өтті. Ауқымды рухани шара Түркістан қалалық әкімдігі мен Түркістан қалалық Ардагерлер кеңесі ұйымдастыруымен жүзеге асып, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, рухани-адамгершілік қасиеттерді дәріптеу мақсатында өткізілді.

Байқау медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, көрнекті ғалым Сайлаубек Шалқарұлы Шалқаровтың 80 жылдық мерейтойына арналды. Іс-шара барысында ғалымның ғылым мен білім саласына қосқан сүбелі үлесі, тәрбиелеген шәкірттері мен халықаралық деңгейдегі еңбектері кеңінен насихатталды.

Салтанатты кеш мәдениет үйі дайындаған «Рухани аманат» сахналық қойылымымен ашылып, «Бабалар рухы» әнімен жалғасын тапты. Байқаудың ашылуында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Мерейтой иесіне қазақы дәстүрге сай ерекше құрмет көрсетіліп, иығына шапан жабылды. Өз кезегінде Сайлаубек Шалқарұлы жиналған қауымға жүрекжарды алғысын білдіріп, жастарға тағылымды ой-пікірлерін жеткізді.

Байқауға қаладағы колледждер мен жалпы білім беретін мектептердің командалары қатысып, екі кезең бойынша бақ сынады.
🔹 «Рухани кемелдік жолы» кезеңінде ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлытың қара сөздері шығармашылық тұрғыда сахналанды.
🔹 «Ұлттық парасат айнасы» кезеңінде қазақ халқының салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын дәріптейтін қойылымдар ұсынылды. Қазылар алқасы құрамындағы білікті мамандар мен ғалымдар қатысушылар өнерін әділ бағалап, үздіктерді анықтады.

🏆 1-орын – Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжі «Дала шамшырағы»
🥈 2-орын – Ж.Жабаев атындағы №11 ЖББМ «Асыл мұра» және Абай атындағы №31 ЖББМ «Абай жастары»
🥉 3-орын – Түркістан көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі «Ғасыр мұрасы», Әл-Фараби атындағы №10 ЖББМ «Фараби көшбасшылары» және Түркістан жоғары медицина колледжі «Парасат»

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Бұл байқау жас ұрпақтың рухани дамуына серпін беріп, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған маңызды мәдени шара ретінде жоғары деңгейде өтті.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар