Түркістан қалалық мәдениет үйінде «Шабыт шуағы» атты өнер ұжымдарының есептік концерті ұйымдастырылды.


Іс-шара барысында мәдениет үйі жанындағы өнер ұжымдары мен үйірме қатысушылары жарты жылдық шығармашылық жұмыстарының қорытындысын ұсынып, концерттік бағдарлама аясында ән, би, күй, көркемсөз және театрландырылған қойылымдарды көрермен назарына ұсынды.

Салтанатты бөлімде Түркістан қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұсағалиев Қадырболат Қабдырұлы сөз сөйлеп, өнер ұжымдарының қызметіне жоғары баға беріп, шығармашылық табыс тіледі.


Концерт соңында мәдениет үйінің директоры, ҚР мәдениет қайраткері Шәмет Лиза Төлегенқызы қорытынды сөз сөйлеп, өнерпаздарға, үйірме жетекшілеріне, көрермендерге және мәдениет саласының дамуына қолдау көрсетіп жүрген азаматтарға алғыс білдірді.


«Шабыт шуағы» есептік концерті ұлттық мәдениетті насихаттауға, өнер ұжымдарының шығармашылық әлеуетін танытуға және көрерменнің рухани сұранысын қанағаттандыруға бағытталған маңызды мәдени іс-шаралардың бірі болды.



