Сауран ауданына қарасты Қазақстанның 30 жылдығы елді мекенінде «Euro Sandwich Panel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сендвич-панельдер мен металл конструкцияларын шығаратын заманауи зауытының құрылысы басталды. Жалпы инвестиция көлемі 6 миллиард теңге құрайтын жоба өңдеу өнеркәсібін дамытуға, құрылыс саласының әлеуетін арттыруға және импортты алмастыратын өнім өндіруге бағытталған маңызды өндірістік бастамалардың бірі саналады.
Жаңа кәсіпорын іске қосылғаннан кейін ішкі нарықтың құрылыс материалдарына деген сұранысын отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өндірісте халықаралық сапа талаптарына сай сендвич-панельдер мен металл конструкциялары шығарылып, олар тұрғын үй, өндірістік және әлеуметтік нысандардың құрылысында кеңінен қолданылатын болады. Бұл өз кезегінде құрылыс саласының қарқынын арттырып, өңірдегі инфрақұрылымдық жобалардың сапалы әрі қолжетімді материалдармен қамтылуына жол ашады.
Жобаның басты артықшылықтарының бірі – импортқа тәуелділікті төмендету. Бұған дейін сырттан тасымалданған құрылыс материалдарының бір бөлігін енді жергілікті кәсіпорын өндіреді. Бұл өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, жеткізу мерзімін қысқартуға және құрылыс компанияларын сапалы отандық өніммен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты ішкі нарықпен ғана шектелмейді. Жоба аясында өндірілген өнімді көршілес мемлекеттердің нарығына экспорттау жоспарланып отыр. Бұл кәсіпорынның экспорттық әлеуетін арттырып, өңір экономикасына қосымша табыс әкелуге, сондай-ақ отандық өнімнің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге ықпал етеді.
Зауыттың іске қосылуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға және кәсіби мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, өндіріс орнының айналасында шағын және орта бизнес субъектілерінің дамуына, логистика, қызмет көрсету және жеткізу тізбегінің кеңеюіне оң әсерін тигізеді.
Бұл инвестициялық жоба Мемлекет басшысы айқындаған өңдеу өнеркәсібін дамыту, экономиканы әртараптандыру және өндірістік әлеуетті күшейту жөніндегі стратегиялық міндеттермен толық үндеседі. Сауран ауданында жаңа өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру, еліміздің берік өнеркәсіптік қалқанын нығайту және өңдеуші саланы жедел дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы бастама ауданның инвестициялық тартымдылығын арттырып қана қоймай, өңірдің индустриялық дамуына жаңа серпін береді.
Нәтижесінде, «Euro Sandwich Panel» ЖШС-нің жаңа зауыты Сауран ауданын құрылыс материалдарын өндіретін маңызды индустриялық орталықтардың біріне айналдыруға негіз болады. Жоғары технологияларға негізделген өндіріс, сапалы өнім және экспорттық мүмкіндіктер өңірдің экономикалық өсіміне тың серпін беріп, Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосады.
Сауран ауданына қарасты Қазақстанның 30 жылдығы елді мекенінде «Euro Sandwich Panel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сендвич-панельдер мен металл конструкцияларын шығаратын заманауи зауытының құрылысы басталды. Жалпы инвестиция көлемі 6 миллиард теңгені құрайтын жоба өңдеу өнеркәсібін дамытуға, құрылыс саласының әлеуетін арттыруға және импортты алмастыратын өнім өндіруге бағытталған маңызды өндірістік бастамалардың бірі саналады.