Четверг, 13 августа, 2026
34.2 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

ТҮРКІ ТІЛДЕС ЕЛДЕР МЕН ТУЫСТАС ҚАУЫМДАСТЫҚ ТАЛАПКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ ӨТТІ

Оқу ордасындағы Дайындық орталығына 2026–2027 оқу жылына талапкер қабылдау аясында Қырғызстанның Бішкек, Өзбекстанның Ташкент және Әзербайжанның Баку қалаларында дәстүрлі офлайн қабылдау емтиханы өтті. Қабылдау емтиханын өткізу мақсатында университеттен арнайы барған өкілдер талапкерлердің білім деңгейін бағалап, емтихан үдерісін белгіленген талаптар бойынша ұйымдастырды. Нәтижесінде, қабылдау емтиханы ашықтық, әділдік және академиялық адалдық қағидаттарына сай өтті.
Университетте білім алуға ниет білдірген талапкерлердің белсенділігі әдеттегідей жоғары болды. Айта кетейік, түркі тілдес өзге елдер мен туыстас қауымдастықтардан құжат тапсырған талапкерлер үшін онлайн форматтағы қабылдау емтиханы 2026 жылғы 30 шілдеде өтеді. Онлайн емтиханнан сәтті өткен талапкерлер Дайындық орталығында қазақ, түрік және өзге де тілдерді меңгереді. Бір жылдық оқуды сәтті аяқтаған Дайындық орталығының тыңдаушылары, университеттің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу мүмкіндігіне ие болады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар