Воскресенье, 19 апреля, 2026
18.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

ЮНЕСКО СТАНДАРТЫНА СӘЙКЕС ДАМУ ЖОСПАРЫ ҚАРАЛДЫ

Түркістан қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша арнайы кездесу өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі Олжас Шариязданов, қалалық Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұхит Көшенов, сондай-ақ ЮНЕСКО өкілі Дмитрий Воякин мен халықаралық сарапшылар Денис Сорокин, Наргиз Айтуғанова және «МПК-Проект» ЖШС өкілі Ерман Қаныбеков қатысты.

Кездесу барысында Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заңға сәйкес, кесененің бірегейлігін сақтау мақсатында бірнеше мәселе қаралды. Қаланык Бас жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар ЮНЕСКО стандарттарына сай болуы қажеттігі ерекше назарға алынды.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймағының шекараларын сақтау және тарихи ескерткіштердің тұтастығын сақтау үшін құрылысқа қойылатын қатаң талаптар талқыланды. Әсіресе, кесененің қорғау аймағында көше-жол желілерін орналастыруға, сондай-ақ, биіктікті 7 метрден асатын немесе тарихи ескерткіштерге сәйкес келмейтін құрылыс материалдарымен салынған объектілерге тыйым салу ұсынылды.

Кездесу барысында Бас жоспарға енгізілетін түзетулер жобасы талқыланып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймағы мен құрылысты реттеу аймақтары нақтыланды. Бұл өзгерістер алдағы уақытта ЮНЕСКО тарапынан қойылатын талаптарды ескере отырып іске асады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар