
Түркістан облысының Сауран ауданында өндірістік және инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге басымдық беріп келеді. Ауданда кәсіпкерлікті қолдау, жаңа өндіріс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы экономиканы әртараптандыруға жағдай жасалуда. Ауданның географиялық орналасуы, еңбек ресурстары және өндірістік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бастамалары оның өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Жаңа өнеркәсіптік саясатты іске асыруда «Turan» арнайы экономикалық аймағының маңызы зор. Арнайы экономикалық аймақтар инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастырып, өндірістік жобаларды шоғырландыруға, заманауи технологияларды енгізуге және кәсіпорындардың өзара ынтымақтастығын дамытуға ықпал етеді. Мұндай өндірістік алаңдардың дамуы Сауран ауданының инвестициялық тартымдылығын арттырып, өңірге жаңа капитал мен технология тартуға негіз болады.
Ауданда жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі – «Ораңғай» қосалқы экономикалық аймағында «Orzax Central Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің биологиялық белсенді қоспалар өндіретін заманауи зауытын салу бастамасы. Жобаның жалпы инвестициялық құны 20,4 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынға 10 гектар жер телімі бөлініп, құрылыс жұмыстарын 2026–2027 жылдары жүргізу жоспарланған. Зауыт толық іске қосылғаннан кейін жылына 464 млн дана биологиялық белсенді қоспа өндіруге және 500 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады.
Бұл жоба өңірде жоғары қосылған құны бар өнім өндіруді дамытуға бағытталған. Кәсіпорынның құрылтайшысы – Түркиядағы биологиялық белсенді қоспалар өндірісі саласында танылған «Orzaks Pharmaceuticals and Chemical Industry Inc» корпорациясы. Компанияның халықаралық тәжірибесі өндірістік үдерістерді жетілдіруге, заманауи технологияларды игеруге және өнім сапасына қойылатын талаптарды сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа зауыттың іске қосылуы отандық өндірістің әлеуетін арттырып, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге жол ашады.
Өнеркәсіптік саясаттың маңызды бағыттарының бірі – өндірісті оқшаулау деңгейін арттыру және жергілікті кәсіпорындардың өндірістік тізбектерге қатысуын кеңейту. Осы орайда ірі инвестициялық жобалардың іске асуы құрылыс, көлік-логистика, техникалық қызмет көрсету және басқа да салалардың дамуына серпін береді. Жергілікті шағын және орта бизнес өкілдері үшін жаңа серіктестік мүмкіндіктері қалыптасып, қосымша кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруға жол ашылады. Мұның барлығы аудан экономикасының құрылымын кеңейтіп, оның тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, Сауран ауданында ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібінің өзара байланысын күшейту маңызды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сақтау, қаптау және өткізу жүйесін дамыту арқылы шикізаттың қосылған құнын арттыруға болады. Бұл бағыт жергілікті өнім өндірушілердің нарықтағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын құруға және ауылдық аумақтардың экономикалық белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Өндіріс пен ауыл шаруашылығының сабақтастығы өңірдің ішкі әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Берік өнеркәсіптік қалқан қалыптастыруда адами капиталды дамыту да ерекше орын алады. Заманауи өндіріс орындарына білікті инженерлер, технологтер, техникалық мамандар және өндірісті басқару саласының қызметкерлері қажет. Сондықтан кәсіби білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту, жастарды сұранысқа ие мамандықтарға даярлау және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай кадрлар қалыптастыру өзекті. Жергілікті тұрғындардың кәсіби біліктілігін арттыру өндірістің тиімділігін көтеріп қана қоймай, халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына жағдай жасайды.
Өндірістің ұзақ мерзімді дамуы үшін технологиялық жаңғырту, ресурстарды үнемдеу, экологиялық талаптарды сақтау және сапаны бақылау жүйесін жетілдіру де маңызды. Инновациялық шешімдерді енгізу кәсіпорындардың өнімділігін арттырып, шығындарды оңтайландыруға және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға көмектеседі. Ал халықаралық стандарттарға сай өндірістік мәдениетті қалыптастыру қазақстандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтардағы сенімділігін күшейтеді.
Жалпы, Сауран ауданында жаңа өнеркәсіптік саясатты тиімді іске асыру инвестиция тартумен ғана шектелмей, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, технологиялық әлеуетті арттыру және жергілікті экономикалық байланыстарды нығайту сияқты кешенді міндеттерді қамтиды. Әрбір жаңа өндіріс орны ауданның экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, өңірдің ұзақ мерзімді дамуына негіз қалыптастырады.



