Воскресенье, 19 апреля, 2026
18.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

Технология және инновация

✔️Жыл басында Қазақстанда Президент жанындағы Жасанды интеллект бойынша халықаралық консультативтік кеңестің негізі қаланды; 100 мың жоғары білікті IT-маман даярлауды көздейтін ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр;
Астанада AlemАi жоғары технологиялар орталығы құрылуда;

Президент Astana Hub базасында «Орталық Азия – Еуропа Одағы» инновациялық кампусын ашуды ұсынды.

Ғылым және білім
Президент Сирек кездесетін металдарды зерттейтін аймақтық орталық құруды ұсынды; Жасанды интеллект, су ресурстарын басқару, биотехнология секілді маңызды салаларда маман даярлауға ерекше басымдық беретін «Орталық Азияға арналған Erasmus+» бағдарламасын әзірлеу жөнінде бастама көтерілді.

Халықаралық саясат және қауіпсіздік
Жаһандық тұрақсыздық жағдайында әлемде болып жатқан күрделі оқиғаларға баға беруде барынша ұстамдылық пен жауапкершілік таныту керек;
Барлық елді БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық қағидаларын мүлтіксіз сақтау үшін барынша күш-жігер жұмылдыруға, сондай-ақ Бас хатшы Антониу Гутерриштің қызметіне қолдау білдіруге үндеді.
БҰҰ-ның құрылғанына 80 жыл толған сәтте мұның өзектілігі арта түседі.
Қазақстан кез келген қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін жақтайды. Сондықтан Украинаға қатысты келіссөздердің басталуын құптайды. Мәселенің күрделі екеніне қарамастан, шиеленістің оң шешімін табатынына сенім артады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар