Воскресенье, 19 апреля, 2026
18.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

Түркістанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Елімізде 1323 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болса, оның ішінде 400-ге жуығы облыстық деңгейде көрсетіліп отыр.
Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдармен 170 қызмет, орталық мемлекеттік органдармен 198 қызмет көрсетілуде. Қызметтердің 95%-ы электронды түрде қол жетімді.


Осы ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылады.
Бүгін «Түркістан қаласында орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Түркістан қалалық № 2 халыққа қызмет көрсету бөлімінде азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін және шағымдану тетіктерін насихаттау мақсатында арнайы түсіндірме жұмыстары өз жалғасын тапты.
Түсіндірме барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Наурызбаев Абылайхан Дағыстанұлы және Түркістан қаласында орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Басымбек Бахыт Мүсіралиұлы тарапынан азаматтармен сұхбат жүргізіліп, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тетіктері баяндалған арнайы брошюралар үлестірілді.
Қазіргі таңда азаматтар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруды және қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес келетін сапалы қызметтерді күтеді.
Осы тұрғыда, жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесінде, Түркістан облысы тұрғындарының қанағаттану үлесі 70,6 % құрады.
Аталған көрсеткішті, тұжырымдамаға сәйкес 2029 жылға қарай 75%-ға дейін жеткізу көзделген.
Осыған орай, қызмет көрсетудің сапалығын мейлінше азаматтарға бағдарлау керек.
Осы тұста, азаматтарға мемлекеттік қызмет алу тәртібін және шағымдану тетіктерін насихаттау мақсатында кезекті іс шара Түркістан қалалық № 2 халыққа қызмет көрсету өз жалғасын тапты.
Бүгінгі іс-шарада үлестірілген брошюраларда мемлекеттік қызметтерді алу бойынша арнайы ақпараттар ұсынылаған сайттың және «Сапалы қызмет» телеграмм ботының QR коды енгізілген.
Айта кету қажет, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Жаңа қала ықшам ауданы 32 көше, 16 ғимарат мекен-жайы бойынша жазбаша түрде, не электрондық түрде «электрондық үкімет» порталы немесе «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы және «Kenes 1414 officiall» тelegram-бот арқылы жүгіне аласыздар.

Сұхбат берген: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Басымбек Бахыт Мүсіралиұлы

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар