Воскресенье, 19 апреля, 2026
18.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ САЙЛАНДЫ

Бүгін «Достық үйі» ғимаратында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.
Келелі кеңеске Түркістан облысының әкімі – облыстық ҚХА төрағасы Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, ҚХА құрылымдарының төрағалары мен мүшелері, облыстық Ақсақалдар, Аналар кеңестерінің, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, жастар, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында былтырғы жылдан облыстық Ассамблея төрағасының орынбасарлары қызметін атқарып келген түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Сарманбай Сафаров пен өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахадир Ирисметов көпшілік дауыспен Ассамблея төрағасының орынбасарлары болып қайта сайланды.
Ал жастардың атынан облыстық Ассамблея төрағасының орынбасары болып «Жастар рухы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман сайланды.
Кеңес мүшелері жаңадан сайланған Ассамблея төрағасының орынбасарларына сәттілік тілеп, ел бірлігін нығайту жолындағы атқарылар істердің нәтижелі болуына сенім білдірді.
Жалпы, облыстық Ассамблея тарапынан «Салауатты сана», «Адал азамат», «Елтану» «Қайырымдылық керуені» және «Шаңырақ» жобалары тиімді іске асырылуда. Жыл басынан бері облыс аумағында түрлі 440 іс-шара, 15 қайырымдылық акция, 134 ақпараттық-насихаттық кездесулер өткізілген. Биыл ҚХА-ның 30 жылдығы аясында облыста 2000-нан аса ұлттық, мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар жүзеге аспақ.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар