2025 жылдың 9 сауір күні Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Түркістан облысының әкімі — облыстық ҚХА төрағасы Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың (Ақсақалдар мен Аналар, Этномедиация кеңестері) төрағалары мен мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, жастар мен масс-медианың өкілдерінің қатысуында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өткізілді.


Осы жиынға модераторлық еткен облыс әкімі Нұралхан Көшеров мемлекетіміз бен қоғамымыздың күнделікті өмірінде елдің бірлігі мен ынтымағын,тұтастығы мен тұрақтылығын,бейбітшілік пен тыныштықты сақтау және нығайту бағытында ҚХА-ның жүзеге асырып жатқан нәтижелі жұмысына ерекше тоқталып, Президент Қ-Ж.Тоқаев тарапынан ҚХА өзіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді орындауда оң бағаланып отырғанын жеткізген соң,облыс әкімінің
ұсынысымен кеңесте ішінара ұйымдастыру мәселесі қаралды,атап айтқанда, кеңес мүшелері көпшілік дауыспен облыстық ҚХА төраға орынбасарлары етіп облыстық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Сарманбай Сафаров, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Бахадир Ирисметов пен республикалық»Жастар рухы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұманды сайлады.


Кеңес отырысында облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Султанов, облыстық славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Марина Лимаренко мен республикалық «Ассамблея жастары» ұйымының мүшесі Индира Раван-Нахчивани сөз сөйлеп өз тараптарынан кеңеске қатысушыларды ҚХА-ның 30 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтай отырып, Ассамблеяның алға қойып отырған мақсаттарын жүзеге асыруда баршамызды белсенділік танытуға,сөйтіп еліміздегі ынтымақ пен бірлікті,қоғамдық келісім мен этносаралық қатынасты одан әрі нығайтуға шақырды.

Жиын соңында сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп,кеңеске қатысушылар этносаралық бірлік пен ынтымақты одан әрі нығайту мәселелері аясында өзара ұсыныс-пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

Президент Қ-Ж.Тоқаев тарапынан 2024 жылдың сәуір айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII-ші сессиясында берілген тапсырмалар Түркістан облысында міндетті түрде орындалуы қажеттігін атай келе,облыс әкімі Нұралхан Көшеров:
— «Татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, барлық жерде дәріптелуі қажет.Мемлекет басшысы біздерге айқындап берген басымдықтардың барлығы біздің мызғымас бірлікте болуымыздың нәтижесінде ғана жүзеге асырылады. Біздер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Ел Президентінің маңызды бастамаларына толық қолдау білдіреміз және барлық күш- жігерімізді елімізді бұдан да қуатты елге айналдыру үшін жұмсаймыз, — деп облыс әкімі кеңестің отырысын қорытындылады.
Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы және облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі





