Воскресенье, 19 апреля, 2026
18.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ ТҮРКИЯДА ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Ахмет Ясауи университетінің ректоры Жанар Темірбекова Түркияға іссапармен барып, оқу орнының Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор Мұхиттин Шимшекпен бірге Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сапиевпен кездесті.

Анкарадағы Қазақстан Елшілігінде өткен ресми кездесуде екі жақ білім және ғылым саласындағы өзара ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, кездесуде Түркия мен Қазақстан арасындағы байланысты нығайтудағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің стратегиялық рөлі туралы айтылып, алдағы уақытта қандай бірлескен жобаларды жүзеге асыруға болатыны қарастырылды.

Кездесу барысында университет басшылығы біліктілігін арттыру мақсатында жақында Түркияға аттанатын 31 оқытушы туралы айтып өтті. Елші Еркебұлан Сапиев бұл бастаманы қолдайтынын білдіріп, аталған ұстаздарды елшілік қабырғасында арнайы қабылдауға дайын екенін жеткізді. Бұл – университет пен елшілік арасындағы сенімді әріптестіктің нақты көрінісі.

Сонымен қатар, жаз айларында Түркияда өтетін жазғы мектеп бағдарламасына қатысатын 40 студентіміздің де сапары талқыланды. Еркебұлан Сапиев аталмыш студенттер Анкара қаласына келген кезде олармен арнайы кездесіп, ашық сұхбат құруға мүдделі екенін айтты. Бұл да жастарды қолдауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Университет басшылығы Елшілікке халықаралық іс-шаралар мен жобаларға көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс білдірді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар