Аталмыш іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қазақстандағы бірқатар этномәдени бірлестіктердің басшыларымен, ҚХА басшылығы мен қоғамдық құрылымдарының өкілдерімен және Ассамблея жастар қанатының мүшелерімен бірге қатысты. ЮНЕСКО тарапынан тұсаукесерге 50-ден астам мүше мемлекеттің тұрақты өкілдіктерінің дипломаттары қатысты.
ҚХА-ның рөлі, оның конституциялық мәртебесі, ҚР Парламенті депутаттарының қызметі, 1000-нан астам этномәдени бірлестіктердің, 4,5 мыңнан астам ҚХА қоғамдық құрылымдарының, еліміздің барлық өңірлеріндегі 32 Достық үйлерінің қызметі жайлы сөз етті.

Қазақстандық жастардың әлеуметтік, шығармашылық және креативті белсенділігін арттыруға бағытталған жастар бастамаларын дамытудағы Ассамблеяның тәжірибесі жеке ұсынылды. «Ассамблея жастары» ұйымының ЮНЕСКО-ның Жаһандық жастар қоғамдастығына кіруі жөніндегі соңғы қадамдар талқыланды.
«Ассамблея жастары» осы халықаралық қоғамдастыққа ресми түрде енген Қазақстанның алғашқы жастар ұйымы болмақ.
Тұсаукесер қорытындысы бойынша бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған түрлі бастамаларды ұлттық және халықаралық деңгейде іске асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының ЮНЕСКО-мен ынтымақтастығын одан әрі дамыту туралы уағдаластық расталды.
#ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years



