Воскресенье, 19 апреля, 2026
12.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА КЕҢ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстары республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында, сондай-ақ елді мекендердің ішкі көшелерінде жүргізілді. Сенбілік таңғы сағат 10:00-де басталып, оған аудан әкімі Арман Абдуллаев, 13 ауылдық округ пен қала әкімдіктерінің қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, жастар және еріктілер белсене қатысты.

Іс-шара барысында бейберекет тасталған қоқыстар жиналып, арамшөптер шабылды, арық-атыздар тазартылды. Атқарылған жұмыстар аудан аумағының санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге және экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталды. «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды дәріптеу және табиғатты қорғау құндылықтарын кеңінен насихаттау.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар