2026 жылғы 12 маусым күні Мәдениет үйінде халқымыздың асыл мұрасы – бата беру дәстүрін насихаттауға арналған қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, мәдениет үйінің директоры, ҚР мәдениет қайраткері Шәмет Лиза Төлегенқызының басқаруымен «Қыдыр дарып, бақ қонсын» атты бата-тілек айту байқауы өтті.
Шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, жас буынның бойына ата-баба аманатын сіңіріп, бата беру мәдениетін кеңінен насихаттау.
Байқау шымылдығы «Бата – адал азамат тәрбиесінің бастауы» атты театрландырылған қойылыммен ашылып, одан әрі өнерпаздардың ән шашуымен жалғасты. Іс-шара барысында қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қыдырәлі Оспанұлы Рысбеков құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға төрт буын өкілдері қатысып, өз өнерлері мен білімдерін сынға салды. Атап айтқанда, ата буыннан – 5 қатысушы, әке буыннан – 2 қатысушы, орта буыннан – 2 қатысушы және бала буыннан – 8 қатысушы бақ сынады.
Қазылар құрамында медицина ғылымдарының кандидаты, Түркістан қаласының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбеков Қыдырәлі Оспанұлы, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрағасы Темірхан Асылхан Темірханұлы, Философия және теология ғылымдары докторы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-і дінтану кафедрасының профессоры Кенжетеаев Досай Турсынбайұлы.
Қатысушылар екі кезең бойынша өнер көрсетті. Бірінші кезеңде әрқайсысы өз таңдауларындағы баталарды мәнерлеп жатқа айтып, сөз саптау шеберлігін танытса, екінші кезеңде ұлттық дәстүрлер мен батаға қатысты сұрақтарға жауап берді. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар «Зерделі бала», номинациясы табысталды.



Ата буын:
Аманкулов Болатбек Кабылбекович-70 жас, Отырар секторы-1 орын
Бабашев Абай Кунанбаевич- 66 жас, Түркістан қаласы-2 орын
Дарибаев Налибай Усенович- 69 жас, Түркістан қаласы-2 орын
Пачанов Хайрулла- 69 жас, Бекзат секторы-3 орын
Алдаберген Досмұханбет Төлегенұлы-70 жас, Түркістан қаласы-3 орын

Әке буын:
Карынбаев Талгат Сарсенбекович — 43 жас, Р.Сейтметов атындағы қалалық сазды-драма театрының актеры-1 орын
Байсейіт Ербол Нурғалиұлы- 41 жас,Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің ұстазы-2 орын

Орта буын:
Байсейіт Нұрбол Нурғалиұлы- 41 жас, Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің ұстазы-1 орын
Смайылов Есентұр Мамырұлы-33 жас,Түркістан қаласы-2 орын
Бала буын:
Кендебай Есет Сержанұлы-17 жас, Н.Оңдасынов атындағы Дарын мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы-1 орын
Асылхан Ерсаян Ерланұлы-14 жас, №28 мектеп-лицейінің оқушысы-2орын
Абдуганиев Санжар Шухратович-14 жас, №2 Хамза атындағы ЖББ мектебінің 7сынып оқушысы-2 орын
Асадуллаев Атабек Дилшодович -14 жас, №2 Хамза атындағы ЖББ мектебінің 7 сынып оқушысы-2 орын
Абибулла Нурислам Анварұлы-15 жас, Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп гимназиясының 9 сынып оқушысы-3 орын
Әбілқасым Нұрислам Абибуллаұлы-15 жас, М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы-3 орын
Аскарбек Али Багланұлы-15 жас, М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы-3 орын
Төребек Сұлтанбек Жанибекұлы-14 жас, №14 Қазыбек би атындағы ЖББ мектебінің оқушысы-«Зерделі бала» номинациясы


Ұлттық рухты ұлықтап, бабалардан жеткен тағылымды дәстүрді дәріптеуге бағытталған бұл байқау көрермендерге ерекше әсер сыйлап, қатысушылардың бата өнеріне деген қызығушылығын арттырды.



