Воскресенье, 14 июня, 2026
35.8 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

ТҮРКІСТАНДА «ЛУДОМАНИЯ – БОЛАШАҚҚА ТӨНГЕН ҚАУІП» ТАҚЫРЫБЫНДА АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 10 маусым күні Түркістан қаласындағы Достық үйінде Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің II тоқсандық отырысы өтті.
Отырыста Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Тоққұлова Гүлсара Төлебекқызы модераторлық жасады.
Іс-шараны облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Ұласбекқызы ашып, қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтудағы Аналар кеңесінің маңызды рөліне тоқталды.
Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің ардагері Дүйсенкүл Жамболқызы Жамболова «Ана – отбасының жүрегі, қоғамның ұйытқысы» тақырыбында баяндама жасады;
Қазақстанның даңқты боксшысы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Адырбекқызы Шойбековаға «Ұлы Ана» медалі табысталып, ол «Ана мейірімі мен ұл ерлігі» тақырыбында сөз сөйледі;
Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Гүлзия Нұрғалиқызы Қарсыбай «Дроперлер және оның алдын алу» тақырыбында баяндама жасап, қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлерінен сақтану жолдарын түсіндірді;
Бәйдібек аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Нағима Маханқызы Қырықбаева «Лудомания – қоғам дерті: алдын алу және отбасы рөлі» тақырыбында ой бөлісті;
Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері, полиция подполковнигі Жандос Сейтханұлы Қапанов «Түркістан облысындағы криминогендік ахуал және жастар мен жасөспірімдер арасында маргиналдық топтардың құрылуының алдын алу» тақырыбында баяндама жасады.
Қазіргі таңда Түркістан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 204 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Кеңестер құрамында 1223 мүше бар.
2026 жылдың қаңтар–мамыр айлары аралығында 186 іс-шара өткізіліп, оған 23 674 адам қатысты. Оның ішінде «Салауатты сана» жобасы аясында 104, ал «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы бойынша 82 іс-шара ұйымдастырылды.
Отырыс қорытындысында отбасы институтын нығайту, жастарды зиянды әдеттерден қорғау, лудоманияның алдын алу және қоғамдық келісімді сақтау бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейту мәселелері сөз болды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар