Воскресенье, 19 апреля, 2026
12.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЛТТЫҚ КИІМ КИЮ КҮНІН ҰЛЫҚТАДЫ

Ұлттық киім күніне орай Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері жұмыс орындарына ұлттық нақыштағы киіммен келді. Бұл игі бастама ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттауға, тарихи мұрамызды дәріптеуге және қоғамда ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыруға бағытталған. Аталған іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында бірлік пен патриоттық рухты нығайтып қана қоймай, жас ұрпаққа өнеге болары сөзсіз. Ұлттық киім – халқымыздың болмысы мен мәдениетінің айқын көрінісі. Сондықтан оны ұлықтау – әр азаматтың рухани жаңғыруына қосылған үлес.

Айта кетейік, елімізде әз-Наурыз мейрамын 10 күн бойы атап өту жоспарланған. Наурызнама онкүндігі аясында әр күн ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналуда. Осы ретте Түркістан облысында да мазмұнды әрі тағылымы мол түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Облыс көлемінде мерекелік шаралар 23 наурызға дейін жалғасып, тұрғындар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ. Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы бұл бастамалар ел бірлігін нығайтып, ұлттық рухты асқақтатуға өз үлесін қосады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар