2026 жылғы 5 маусым күні Түркістан қалалық мәдениет үйінде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай жастар арасында «Жастар нашақорлыққа қарсымыз» атты қалалық плакатқа сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және жастардың қоғамдағы өзекті мәселелерге шығармашылық көзқарасын қалыптастыру. Шара барысында қатысушылардың жұмыстары арнайы көрмеге қойылып, қазылар алқасының бағалауына ұсынылды. Жалпы байқауға 36 үміткер қатысып, олардың ішінен 15 үздік жұмыс финалдық кезеңге жолдама алды.



Бейнематериал мен мәдениет үйі әртістерінің қатысуымен сахналық пролог көрсетіліп, «Семсер» тобының орындауындағы «Көкпар» әні көпшілік назарына ұсынылды. Байқаудың ашылу салтанатында Түркістан қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Қабдырұлы Мұсағалиев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қазылар алқасының құрамында өнер және мәдениет саласының білікті мамандары болып, қатысушылардың жұмыстарын мазмұны, көркемдік шешімі және тақырыпты ашу деңгейі бойынша бағалады.

Қазылар алқасы құрамы
Бейсенбеков Жалғасбек ЖаппарбекұлыТүркістан облыстық тарихи өлкетану музейі, «Міртемір» әдебиет музейінің меңгерушісі, Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы дизайнерлер одағының мүшесі, қазылар алқасының төрағасы
Кошенова Кулаим СапашовнаКөркем еңбек пәнінің мұғалімі,
қазылар алқасының мүшесі
Шаханбаев Мұрат Нұрмағанбетұлы
ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, қазылар алқасының мүшесі

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Жүлдегерлер:
Бас жүлде — Сабитқызы Нұраят — А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы. Жетекшісі: Егеубаева Алтынкул
І-орын — Сабиров Бахрам Айбекұлы — Түркістан Болашақ жоғары көпсалалы колледж 1-курс студенті, Жетекшісі: Абдукадирова Махаббат І-орын — Акылгелдиев Құдайберді Бауыржанұлы — С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп лицей 9-сынып оқушысы, Жетекшісі:
ІІ-орын — Ходжанов Сардарбек Атхамжанович — Некрасов атындағы №9 мектеп гимназия 9-сынып оқушысы, Жетекшісі: Куланова Назира Айтжановна
ІІ-орын — Нәлібай Ақбота Алмасқызы — Абай атындағы №31 ЖББМ 9-сынып
оқушысы, Жетекшісі: Кеңесбаева Мереке
ІІ-орын — Мустапа Жибек Максатқызы — Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-і -курс студенті, Жетекшісі: Айдарша Мереке
ІІІ-орын – Момахан Нұрдәулет Нұрланұлы — Төле би атындағы №19-сынып оқушысы, Жетекшісі: Халық Нұрлан
ІІІ-орын – Султанбай Әсем Нұрмаханқызы — М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы 7-сынып оқушысы, Жетекші: Дәуренбекова Назира
ІІІ-орын – Бектан Махаббат Бектасқызы — А.Ясауи кәсіби колледж 2-курс студенті, Жетекшісі: Кинабаев Серік Арнайы номинациямен:

1. «Нашақорлық зардабы» номинациясы — Қорған Фатима Ержанқызы — М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы, Жетекші: Дәуренбекова Назира
2. «Өкінішті сезіну» номинациясы — Өтебай Аякөз Қайыржанқызы –
№33 ЖББЖ мектеп 8-сынып оқушысы, Жетекшісі: Кикбай Айман
3. «Үздік композиция» номинациясы — Бөбен Бақберген Бердибекұлы
Ататүрік атындағы №17 мектеп гимназиясының 10-сынып оқушысы, Жетекшісі: Абдраимова Гульмира
4. «Үздік ой» номинациясы — Түгелбай Марғұлан Даниярұлы — №34
Келешек ЖББМ мектебінің 9 сынып оқушысы, Жетекшісі: Төрехан Абылайхан
5. «Акварель шебері» номинациясы — Мустапа Кәусар Мақсатқызы –
«Nomad» мектебінің 8-сынып оқушысы,
6. «Қылқалам шебері» номинациясы — Абибуллаева Аружан Ержанқызы
Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-і 3-курс студенті, Жетекшісі: Айдарша Мереке
Қатысқаны үшін
1. Розбай Мадина Каримқызы — «Оқушылар сарайы»сурет үйірмесінің 10 сынып оқушысы, Жетекшісі: Әбдіназар
2. Аязбай Халима Мұратқызы — Т.Бигелдинов атындағы №16 ЖББМ
9-сынып оқушысы, Жетекшісі: Назарова Бибисара
3. Марипжанова Насиба Икрамжановна — Қ.Сәтбаев атындағы №12 ЖББМ 8-сынып оқушысы, Жетекшісі: Шегенова Меруерт Әбдуәліқызы
4. Шарап Жанна Мақсатқызы — Абай атындағы №31 ЖББМ 9-сынып
оқушысы, Жетекшісі: Кеңесбаева Мереке
5. Үсен Нұрбақыт Бектұрсынұлы — Б.Момышұлы №22 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы, Жетекшісі: Мұратов Н
6. Нұрланов Біржан Нұрланұлы — Б.Момышұлы №22 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы, Жетекшісі: Анарбаева С
7. Дүйсеш Әсем Төлегенқызы — М.Маметова атндағы №6 ЖББМ 8-сынып оқушысы, Жетекшісі: Альбаеа Ұлдар
8. Ақжігіт Айару Мұқтарқызы — №33 ЖББЖ мектеп 6-сынып оқушысы
Жетекшісі: Кикбай Айман
9. Ерходжаев Азамат Русланович — №2 Хамза мектебінің 9-сынып оқушысы,
Жетекшісі: Шарапов Рүстем
10. Абибулла Ұлту Ержанқызы — «Бастау» мектебінің 9-сынып оқушысы
11. Досман Әмина Дәуренқызы — №32 ЖББМ 10-сынып оқушысы, Жетекшісі: Дүйсен Нұрғалым
12. Хайдарханова Назимахан Галибжанқызы — Ш.Ниязов атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы, Жетекшісі: Эрматова Гузал
13. Садилла Азиза Акбарқызы — Ш.Ниязов атындағы жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы, Жетекшісі: Эрматова Гузал
14. Мирзаханова Шахсонам Мухиддинқызы — Ш.Ниязов атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы, Жетекшісі: Эрматова Гузал
15. Абдуали Аруна Бердалиқызы- М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы 8-сынып оқушысы, Жетекші: Көшенова Гүлайым
16. Дүйсенбек Ақбота Азаматқызы — М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы 8-сынып оқушысы, Жетекші: Әлібекова А
17. Орынбасарова Айша Ерлановна — М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы 7-сынып оқушысы, Жетекші: Дәуренбекова Назира
18. Қажымұхан Бекмырза Нұржанұлы — М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы 11-сынып оқушысы
19. Оразбай Нұрдәулет Ғалымжанұлы — Әл-Фараби атындағы №10 ЖББМ 10-сынып оқушысы Жетекшісі:Нұржанова Кәмшәт Жақсылыққызы
20. Қажымұқан Баймырза Нуржанұлы — Көпсалалы индустриалды колледж 1-курс студенті, Жетекшісі: Шаханбаев Мұрат
21. Құралбай Айханым Ғабитқызы — №34 Келешек ЖББМ мектебінің 8 сынып оқушысы, Жетекшісі: Төрехан Абылайхан
Іс-шара соңында қатысушылар мен қонақтарға әнші Е.Досжанның орындауында «Қазақтай ел қайда» әні ұсынылып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырған мазмұнды кездесу өз мәресіне жетті.



