Суббота, 15 августа, 2026
30.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

Түркістан облысында азаматтардың құқықтық мүмкіндіктері кеңейіп келеді

2026 жылдың 6 айында Әділет департаментіне 6 597 жолданым түсіп, 4 951 іс қаралған. Департамент басшылығы 132 азаматпен жеке қабылдау өткізген. Бұл туралы облыстық Әділет департаментінің басшысы Нұржан Әлиханұлы мәлімдеді.

«Түркістан облысының Әділет департаменті азаматтардың құқықтарын қорғау, заң көмегінің қолжетімділігін арттыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.Мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында 3 577 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді. Бұл бағытта 88 адвокат және 11 заң консультантымен келісім жасалған. Сонымен қатар азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында 375 іс-шара өткізілді”, — деді спикер.

Сонымен қатар облыста 219 нотариус, 232 адвокат және 200 заң консультанты қызмет атқарады. Нотариустардың қызметіне қатысты 13 тексеру жүргізіліп, 7 нотариус жауапкершілікке тартылды. Атқарушылық іс жүргізу саласында алимент өндіруге қатысты 23 305 құжат бар. 492 борышкерге іздеу жарияланып, 201-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 39 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 388 борышкер жұмыспен қамтылды. Мемлекет кірісіне 4,83 млрд теңге өндірілген 76 183 атқарушылық өндіріс аяқталды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар