Понедельник, 12 октября, 2026
16.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

Сауран: Ауыз су мен табиғи газбен қамту – басты міндеттердің бірі

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындарды сапалы ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету әлеуметтік маңызы жоғары бағыттардың бірі екенін атап өтті. Аудан басшысы елді мекендердегі инженерлік-инфрақұрылымдық жобалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы қажеттігін айтып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе құрылыс жұмыстарының сапасына, қолданылатын материалдардың талапқа сәйкестігіне және мердігер ұйымдардың міндеттемелерін уақытылы орындауына ерекше назар аударуды тапсырды. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан көтеріліп отырған мәселелерді назардан тыс қалдырмай, оларды жедел шешу, жұмыс барысын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Ауыз су және табиғи газ желілерін жүргізу барысында туындайтын техникалық мәселелерді дер кезінде анықтап, тиісті шаралар қабылдау керектігін айтты.

Мақсат Таңғатаров инфрақұрылымдық жобалардың түпкі мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын арттырып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы жағдай қалыптастыру екенін атап өтті. Осыған байланысты жауапты мекемелерге атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы тұрақты ақпарат беріп, әрбір жобаның сапасы мен орындалу мерзіміне жеке бақылау жасауды тапсырды.

Айта кетсек, жалпы жүйелі жұмыстар нәтижесінде Түркістан облысындағы 801 елді мекен 100 пайыз ауыз су жүйесімен қамтылған. Оның ішінде 7 қала және 794 ауылдық елді мекен бар. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте айтылды. Мәжілісте облыс елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда 155 елді мекенде 503,7 мың тұрғынға ауыз су кесте бойынша берілуде. Бұған су құбырларының тозуы, жер асты суларының азаюы, кермектілігінің жоғары болуы, су тазарту қондырғыларының жиі істен шығуы және су беруші мекемелердің нысандарды тиісті деңгейде күтіп-ұстамауы себеп болып отыр. Аталған мәселелерді кезең-кезеңімен шешу мақсатында 2026-2028 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, 2026 жылы 10 елді мекендегі 45,7 мың тұрғынның ауыз сумен қамтылу мәселесі шешіліп, олар тәулік бойы тұрақты сумен қамтамасыз етіледі. Қалған 145 елді мекенді шешу үшін тиісті қаржы қажет.

Сонымен қатар 2026 жылы 42 нысанның құрылысына облыстық бюджет есебінен 17,5 млрд теңге бөлінді. 1 қазан 2026 жылғы жағдай бойынша 13 млрд теңге (73,9 %) игерілді. Биыл 11 нысанды аяқтау жоспарланып отыр. Нәтижесінде тозығы жеткен 7 елді мекендегі 57,9 мың тұрғынның су құбырлары жаңартылып, ауыз су кестемен берілетін 10 елді мекендегі 45,7 мың халық тәулік бойы 24 сағатпен қамтылады.
Жиында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселесіне де ерекше назар аударылды. ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2025-2029 жылдары Түркістан облысына 42,9 млрд теңге қарастырылған. Түркістан облысы бойынша 12 табиғи монополия субъектісінің 12 жобасы «МЭКС» электрондық платформасына енгізілді.
Жиын соңында облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдіктеріне су құбырларын жаңарту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Тапсырмаларды сапалы әрі мерзімінде орындамаған басшыларға қызметтік шара көріледі. Сондай-ақ ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларын сапалы әрі уақтылы іске асыру, бөлінген қаржыны тиімді игеру және кестемен су берілетін елді мекендердегі мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жөніндегі тапсырмалардың орындалуы да қатаң бақылауда болады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар